25 қыркүйекте Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі басталады. Оған Жангелдин ЖББМ 9-11 сынып оқушылары қатысады.Олимпиаданың мақсаты:
Аауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
Бүгін 25 қыркүйекте біздің мектебімізде ауыл мектептеріндегі оқушыларға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ашылу рәсіміне арналған мектепішілік жиын өтті.